Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Толымбай тегі Зиябек мешітінің ұстазы Смағанбетова Клара Диханбайқызы шәкірттерімен бірге «Тазалық – иманның жартысы» атты ұстанымды негізге ала отырып, Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында мешіт тазалығына белсене атсалысты.
Жақсылыққа жаны құмар жандар мешіт ауласын тазалап, сауапты іске өз үлестерін қосты. Ықыласпен жасалған тазалық жұмыстары барысында үлкендердің батасын алып, көпшілікке үлгі боларлық игі іс атқарылды.
Алла Тағала барша жасаған ізгі амалдарды қабыл етсін!
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

