Жуалы: Ислам және ұлттық дәстүр адал қоғамның қос тірегі

Жуалы: Ислам және ұлттық дәстүр адал қоғамның қос тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызының ұйымдастыруымен және “Асыл аналар әжелер мектебі” белсенділерінің қатысуымен «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.

Кеш барысында қоғамның дұрыс қалыптасуы, отбасының тыныштығы мен берекесін сақтау жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар ұлттық құндылықтар мен ислам тәрбиесінің маңызы жөнінде ой бөлісіп, отбасы тәрбиесі, жастарға өнеге көрсету, қоғамдағы ауызбіршілік пен адамгершілік қасиеттерді нығайту тақырыптарына тоқталды.

Сонымен қатар, жиын барысында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, келген қонақтар өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шара көпшілікке рухани тәрбие мен ұлттық дәстүрдің маңызын насихаттаған мазмұнды кездесу болды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: