Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық зиратында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы Есет Тұрдыбайұлы, «Жуалы» мешітінің имамы Сейтқазы Әбдірұлы және мешіт жамағаты қатысты. Тазалық жұмыстары бақилық болған жандарға құрмет көрсету, игі дәстүрді насихаттау және қоғамды қамқорлыққа шақыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы арнайы сенбілік ретінде ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында бейіт ішіндегі және айналасындағы қураған ағаш бұтақтары мен шөптер тазартылып, аумақ ретке келтірілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

