Жуалы ауданы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешіті аумағында бау-бақша мен тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ауданымыздағы мешіт ауласының жаңарып, көгалдандырылуы және тазалық жұмыстарының жүргізілуі – игі әрі сауапты іс. Құлшылық үйінің айналасының таза әрі көрікті болуы жамағаттың көңіл-күйін көтеріп, рухани тыныштық сыйлайтыны сөзсіз.
Мешіттің іші-сырты мен бау-бақшасына күтім жасауды ұйымдастырған азаматтарға аудан имамы Есет Тұрдыбайұлы алғыс білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

