Қарасаз ауылы әкімшілік ғимаратында ауыл ақсақалдары, ардагерлер мен ауыл тұрғындарымен кездесу шарасы өтті.
Шара барысында Есет Тұрдыбайұлы мен ауыл әкімі Жанар Нұрмұратқызы ауыл тұрғындарымен кездесуінде жергілікті халық арасында дәстүрлі құндылықтарды, отбасы тәрбиесін насихаттау және діни сауаттылықты арттыру мақсатында дін мен дәстүр сабақтастығы туралы кеңінен әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында ислам дінінің ұлттық құндылықтармен және әдет-ғұрыптармен үйлесімділігі, жасөспірімдерді Отанды сүюге, үлкенді құрметтеуге, ата-ананы қадірлеуге баулу, қоғамдағы мейірімділік, адалдық пен ізгілік қасиеттерін дәріптеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғындардың көкейінде жүрген діни және рухани сауалдарына нақты жауаптар беріліп, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

