Жуалы: Аудан имамы ауыл әкімімен кездесу өткізді

Жуалы: Аудан имамы ауыл әкімімен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Қарасаз ауылына ауданның бас имамы арнайы сапармен барып, ауыл әкімімен кездесу өткізді. Аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы мен ауыл әкімі Жанар Нұрмұратқызы ауыл өңірлеріндегі діни ахуалды тұрақтандыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және әлеуметтік мәселелерді шешу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында халықтың рухани өмірі, мешіттердің жай-күйі және ауыл тұрғындарымен жүргізілетін тәрбиелік-рухани жұмыстар сөз болды. Тараптар қоғам бірлігі мен дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу бағытындағы өзара ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: