Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Ал Хафиз» мешітінде, мешітке қолдау білдіріп, игі істерге ұдайы атсалысып жүрген жанашыр жандарға құрмет көрсетілді.
Іс-шара мешіт имамы Таукеев Талғаттың ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында мешіт жұмысына демеушілік жасап, қайырымдылық пен сауапты істерге үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылық білдіріліп, арнайы алғыс хаттар табысталды.
Мұндай игі бастамалар ауыл бірлігі мен татулығын нығайтып, көпшілікке үлгі болары сөзсіз. Алла Тағала барша қайырымды азаматтардың сауапты амалдарын қабыл етіп, отбасыларына амандық, береке нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



01 Маусым 2026
15 Зуль-хиджа 1447

