Қордай: «Құрбан айт» мерекесіне аудандық мешітте субұрқақ іске қосылды

Қордай: «Құрбан айт» мерекесіне аудандық мешітте субұрқақ іске қосылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай аудан бас имамының ұйымдастыруымен мешіт ауласын көркейту және әсемдеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа субұрқақ іске қосылды. Мешіт аумағын абаттандыру бағытындағы бұл игі бастама жамағат пен ауыл тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Субұрқақтың іске қосылуы мешіттің көркін арттырып қана қоймай, келушілер үшін жайлы әрі көркем орта қалыптастыруға сеп болды. Сонымен қатар субұрқақты орнату жұмыстарына қолдау білдіріп, белсенді атсалысқан жамағат мүшесіне арнайы сыйлық табысталып, ризашылық білдірілді. Мешіт жамағаты оның игі ісіне алғыстарын айтып, сауапты еңбегіне береке тіледі. Мереке қарсаңында мешіт айналасында тазалық және көріктендіру жұмыстары да қолға алынып, жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай жасалды.

Мұндай игі шаралар халықтың ауызбіршілігін арттырып, мешіттің рухани орда ретіндегі маңызын нығайта түседі. Алла Тағала барша игі іске үлес қосқан азаматтардың сауаптарын еселеп жазып, отбасыларына амандық, жұмыстарына береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: