Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Қордай ауылдық» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға құрбандық еттері үлестірілді. Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға арнайы дайындалған еттер таратылып, оларға мерекелік қуаныш сыйланды. Мешіт ұжымы Құрбан айттың негізгі мәні — жанашырлық танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын беру екенін атап өтті.
Қайырымдылық шарасына атсалысқан жамағат пен демеуші азаматтарға алғыс айтылып, тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Сонымен қатар жиналған көпшілік ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.
Мұндай сауапты шаралар қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты арттырып, ізгілік пен қамқорлықтың кеңінен насихатталуына себеп болуда. Алла Тағала барша құрбандық шалған азаматтардың ниеттерін қабыл етіп, отбасыларына амандық, ризықтарына береке нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

