Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында аудан ақсақалдары «Төле би» мешітіне арнайы барып, жаңадан салынып жатқан асхана ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы ел ағаларына алдағы ауқымды жоспарларды баяндады. Имамның айтуынша, нысанның құрылысын 2027 жылдың күз айларында толық аяқтау көзделіп отыр. Бір мезетте 350 адамға қызмет көрсете алатын еңселі асхана алдағы уақытта өңірдегі діни-рухани шаралар мен берекелі басқосулардың жоғары деңгейде өтуіне, мешіт кешенінің көркейе түсуіне үлкен септігін тигізбек.
Игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға ризашылығын білдірген ауыл қариялары құрылыстың сәтті аяқталуын тілеп, ақ баталарын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Маусым 2026
27 Зуль-хиджа 1447

