#Шу: «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Шу ауданына келді

#Шу: «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Шу ауданына келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Халид Қожахметов Шу ауданына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында Төле би ауылындағы «Төле би» мешітінде бой көтеріп жатқан жаңа асхана ғимаратының құрылыс жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысты.

Аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы құрылысқа қатысты арнайы құжаттарды көрсетіп, қазіргі таңда атқарылып жатқан шаралар мен алдағы жоспарларды баяндап өтті. Нысанның сапалы әрі уақытылы салыну барысын жоғары бағалаған дін маманы Халид Қожаахметов атқарылып жатқан сауапты іске сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: