Жуалы ауданы Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Бауыржан Мұсағалиұлының ұйымдастыруымен өткен «Бата жарысы» өз мәресіне жетті. «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» — деген дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған.
Жарыс барысында қатысушылар Құрбан айтқа қатысты баталар мен түрлі тағылымды баталарды жатқа айтып, көпшілікке рухани әсер сыйлады. Жүлделі орын иелеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қатысып ниет білдірген барлық азаматтарға ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Алла Тағала берілген баталарды қабыл етіп, елімізге амандық, жұртымызға бірлік, шаңырақтарымызға береке нәсіп етсін!
Пайғамбарымыз ﷺ: «Жақсылыққа себепші болған адам, оны жасағанмен бірдей сауап алады» деген. Осындай игі шараның өтуіне үлес қосқан барша жамағатқа Алла разы болсын!
Келер Құрбан айт мерекесі баршамызға құтты, берекелі болғай! Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, жастарға өнеге боларлық тағылымды шараға қатысқан барша ағаларымыз бен апаларымызға, қарияларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз-деп имам ризашылығын білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

