Құрал қажы мешіті ұйымдастыруымен бақша аумағында кезекті тазалық жұмыстары өткізілді. Игі бастамаға мешіт жамағаты, жастар мен еріктілер қатысып, айналаны күл - қоқыстан тазартуға атсалысты. Тазалық барысында аумақ ретке келтіріліп, қоршаған ортаның көркеюіне көңіл бөлінді.
Шараның басты мақсаты - тазалық мәдениетін насихаттау, табиғатты аялауға шақыру және қоғамда жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Осындай сауапты істер арқылы тұрғындар бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да мұндай пайдалы шаралар жалғасын табатынын айтып, барша тұрғындарды тазалыққа бейжай қарамауға шақырды. Таза орта - денсаулық кепілі әрі ұрпаққа қалатын аманат екені айтылды.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

