Құрбан айт мерекесіне орай Ақкөл ауылындағы Ақкөл мешітінде көркейту және тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамал ағамыздың бастамасымен мешіт ауласы толық тазартылып, айналасы ретке келтірілді.
Сонымен қатар мешіт маңына гүлдер отырғызылып, табиғатқа ерекше сән берілді. Бұл игі іс мешіттің көркін арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындары мен жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әсем гүлдер мешіт ауласын жандандырып, келушілерге жайлы әрі таза орта қалыптастырды.
Осындай сауапты бастамалар арқылы жамағат арасында тазалыққа, бірлікке және туған жерді көркейтуге деген жауапкершілік арта түсуде. Өз кезегінде Сейткамал имам мешіт тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар тәрбие мен ізгіліктің, тазалық пен мәдениеттің ордасы болуы қажет.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

