Талас: Құрбан айт қарсаңында құрбан шалу тәртібі түсіндірілді

Талас: Құрбан айт қарсаңында құрбан шалу тәртібі түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Құрбан айт мерекесіне орай Аққұм ауылындағы Тұңғатар ата мешітінде жамағатқа арналған уағыз-насихат жиыны өтті. Мешіт имамы Абатов Дәурен жиналған қауымға құрбан шалудың маңыздылығы мен оның шариғаттағы орны туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Уағыз барысында құрбандық шалудың мұсылман өміріндегі рухани мәні, құрбанға жарамды малдың шарттары, сондай-ақ құрбан шалу кімдерге міндет саналатыны жайлы маңызды мәліметтер айтылды. Сонымен қатар имам құрбандықты шынайы ықыласпен орындаудың сауабы мен мұқтаж жандарға көмек көрсетудегі тәрбиелік мәніне тоқталды.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Құрбан айт мерекесін шариғат талаптарына сай өткізу жөнінде пайдалы кеңестер айтылды. Осындай насихат жұмыстары ауыл тұрғындарының діни сауатын арттырып, ізгілік пен бауырмалдық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: