Талас: Құрбан айт мейрамына дайындық жоғары деңгейде өтуде

Талас: Құрбан айт мейрамына дайындық жоғары деңгейде өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Құрбан айт мерекесі қарсаңында Ақкөл ауылындағы Ақкөл мешітінде ауқымды тазалық және көркейту жұмыстары жүргізілуде. Мешіт имамы Амиров Сейткамал ағамыздың бастамасымен мешіт ауласы толық тазартылып, айналасы ретке келтірілді.

Сонымен қатар өсіп кеткен бұта-ағаштар кесіліп, аула ішіндегі орындықтар мен үстелдер жаңадан сырланып, жаңаша көрікке ие болды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мешіт ауласы әсем әрі таза кейіпке еніп, жамағатқа жайлы орта қалыптасты. Бұл игі бастама Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде қарсы алуға бағытталып, ауыл тұрғындарының да ризашылығына бөленуде.

Осындай көркейту және тазалық шаралары мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, рухани тәрбие мен мәдениеттің ордасы екенін айқындай түседі. Мұндай игі істер ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке, тазалыққа және ортақ жауапкершілікке үндейді.

"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: