Оразалы ауылындағы «Оразалы» мешіті мұсылман қауымының ұлық мерекесі — Құрбан айтқа орай күрделі жөндеуден өтіп, жамағатқа есігін айқара ашты.
Мерекелік тарту ретінде имандылық үйінің іші толық жаңартылып, еденіне заманауи жылыту жүйесі тартылды және жаңа, жайлы кілемдер төселіп, керме төбелер орнатылды. Айт намазына келетін ауыл тұрғындарының құлшылықты жайлы әрі жылы орында өтеуіне бағытталған бұл ауқымды жұмыстарға жалпы көлемі 14 500 000 теңге қаражат жұмсалды.
Жеке демеушілер мен жомарт жандардың қолдауымен жасалған бұл игі іс мереке алдында ауыл халқына үлкен қуаныш сыйлады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

