Шу аудандық «Жәми» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған кезекті тағылымды насихат сағаты өтті. Рухани жиында жиналған қыз-келіншектерге «Қабір әлемі» (барзах әлемі) тақырыбында кеңінен уағыз айтылды.
Дін мамандары адам баласының бұл дүниедегі өмірі өткінші екенін, сондықтан әрбір сәтті игі істер мен құлшылыққа арнаудың маңызын түсіндірді. Бұл тағылымды кездесу қатысушыларды рухани ізгілікке, нәпсіні тыюға және ақыретке шынайы дайындалуға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

