#Шу: «Рахыш ата» мешіті Құрбай айт мерекесіне безендірілді

#Шу: «Рахыш ата» мешіті Құрбай айт мерекесіне безендірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлық мереке — Құрбан айт қарсаңында Көктөбе ауылындағы «Рахыш ата» мешітінде ауқымды дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Айтулы мейрамды лайықты қарсы алу мақсатында ауыл жамағаты мен еріктілер имандылық үйінің іші-сыртын толық тазалап, ретке келтіруде. Мерекелік әзірліктің басты жаңалығы ретінде мешіттің кіре беріс алдына ұлттық нақышпен безендірілген ерекше бағаналар орнатылды.

Бұл көркем тіректер Алланың үйіне ұлттық реңк беріп, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: