Төле би мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттеріне арналған пикник өтті.
Табиғат аясында бас қосқан қыз-келіншектер арасында еркін форматта жылы әрі ашық сырласу кеші ұйымдастырылды. Басқосу барысында ұстаз шәкірттерге ғаламның жаратылысы мен Алланың құдіретіне бойлау, яғни «тафаккур» (терең ойлану) жайлы ғибратты уағыз айтты.
Бұл рухани шара таза ауада демалып қана қоймай, шәкірттердің өзара ауызбіршілігін арттырып, ішкі дүниесін байыта түсуге септігін тигізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

