#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағаты өткізілді

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағаты өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан орталығындағы «Мойынқұм» мешітінде жергілікті жамағат үшін маңызды әрі өзекті кездесу өтті. Мешіттің наиб имамы Тұратбек Бердіқожаевтың жетекшілігімен кезекті «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.

Бұл жолғы бас қосудың арқауы — бүгінгі қоғамда жиі талқыланып, көпшіліктің көкейінде жүрген «Құрамында спирті бар дәрі-дәрмектерді қолданудың шариғаттағы үкімі қандай?» деген маңызды сауал болды.

Жиын соңында мешіт ұжымы жамағатты кез келген медициналық мәселеде алдымен мамандарға жүгінуге және діни үкімдерді тек ресми, сенімді дереккөздерден алуға шақырды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: