«Досекенұлы Абсат» мешітінің имамы Рахымбай Түсіпов ауыл әкімдігінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Имам жиын барысында алда келе жатқан ұлық мерекелерге байланысты қажылық, құрбандық шалу және айт намазының мән-маңызы туралы уағыз айтты. Ол бұл құлшылықтардың мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан қаншалықты қадірлі екенін және олардың шариғаттағы ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Бұл тағылымды жүздесу ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттырып, бірлік пен берекені нығайтуға бағытталды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

