Мойынқұм аудандық мешітінде наиб имам Тұратбек Бердіқожаев жамағатқа уақып тақырыбында ғибратты уағыз жүргізді.
Дін өкілі уақыптың мұсылман қоғамындағы маңызы мен оның әлеуметтік-қайырымдылық рөліне кеңінен тоқталды. Ол ілім, білім және мұқтаждарға көмек ретінде қалдырылған ізгі амалдардың сауабы үздіксіз жазылып тұратынын жеткізді.
Бұл тағылымды жүздесу жиналған қауымды игі істерде белсенді болуға және рухани құндылықтарды қадірлеуге шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

