Шу ауданында имамдар жиналысы өтті. Жиын барысында алдағы Құрбан айт мерекесіне орай бекітілген жоспарлар кеңінен талқыланып, аудан мешіттерінде өткізілетін іс-шаралар пысықталды. Атап айтқанда, айт намазының ұйымдастырылуы, құрбан шалу рәсімдерінің шариғат талаптарына сай өткізілуі, қайырымдылық шаралары мен халыққа уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мереке күндері мешіттерде тазалық пен тәртіп сақтау, жамағатқа қолайлы жағдай жасау жайы да назарға алынды.
Сондай-ақ, жиында «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курстарын өткізу тәртібі талқыланды. Жазғы демалыс уақытында өткізілетін курстарда шәкірттерге Құран әліппесін үйрету, діни білім беру, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстар сөз болды. Курстардың бағдарламасы, оқу уақыты мен ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше мән беру қажеттігі айтылды.
Жиын барысында Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев имамдарға алдағы жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып, халықпен тығыз байланыста қызмет етудің маңызын атап өтті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

