Меркі: Мүлікті игі іске берудің (уақып етудің) шексіз сауабы

Меркі: Мүлікті игі іске берудің (уақып етудің) шексіз сауабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде жұма намазы барысында «Мүлікті игі іске берудің (уақып етудің) шексіз сауабы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Уағыз барысында жамағатқа уақыптың Ислам дініндегі орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Алла разылығы үшін жасалған әрбір қайырымдылық пен игі істің қоғамға тигізер пайдасы және оның сауабы жайында насихаттар жүргізілді.

Имамдар өз уағыздарында ата-бабаларымыздың мешіт, медресе салып, ел игілігі жолында уақып жасаған өнегелі істерін тілге тиек етіп, бүгінгі таңда да қайырымдылық жасау, мешітке қолдау білдіру, мұқтаж жандарға көмек беру сынды ізгі амалдардың сауапты іс екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, уақыптың қоғамдағы ауызбіршілік пен жанашырлықты арттырудағы рөлі түсіндіріліп, жамағат игі істерде белсенді болуға шақырылды.

Жұма уағызы соңында еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасаөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: