Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жамағатқа «адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында уағыз айтты.
Бас имам насихатында: «Ислам дінінде еңбек ету – ақша табу тәсілі ретінде ғана емес, құлшылық ретінде де бағаланады. Себебі, біздің өмірімізде бәрі байланысты: рұқсат етілмеген қызмет, еңбек түрі (мысалы, өсімқорлық) арам табысқа әкеледі, ал ол өз кезегінде біздің асқазанымыз арқылы бойымызға тарап, түптің-түбінде біздің барлық құлшылығымызға кері әсерін тигізеді.
Демек, бастапқы ниетіміз – қызметіміз немесе тапқан ақшамыздың көлемі емес, Алланың разылығы болуы тиіс. Сонда біздің істеген ісіміз өніп, адал еңбегіміз арқылы тапқан табысымыз біздің үйімізге жай ғана материалдық әл-ауқат қана емес, береке алып келері ақиқат,- деп, кеңінен баяндап өтті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

