“Ислам және адал қоғам” жылы аясында ауданның бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлының бастамасымен Меркі өңірінің имамдары “Раббың үшін құрбан шал” тақырыбында Құрбан айт қарсаңында жиналыс өткізді.
Жиын барысында құрбандық шалудың шариғи талаптары, оның рухани мәні, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсету мен халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстары кеңінен талқыланды.
Құрбан айт – мейірім мен жанашырлықтың, имандылық пен бауырмалдықтың мерекесі.
Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Алла Тағала сендердің түрлеріңе де, мал-мүліктеріңе де қарамайды. Бірақ жүректеріңе және амалдарыңа қарайды” - деген.
Алла ниеттерімізді қабыл етіп, шалған құрбандықтарымызды сауаптан жазсын
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

