Меркі: «Зекет және қайырымдылық қоры» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Меркі: «Зекет және қайырымдылық қоры» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Меркі ата» мешітініңде  ауданға қарасты ауыл имамдарына арналған «Зекет және қайырымдылық қоры» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында зекеттің қоғамдағы маңызы, мұқтаж жандарға көмек көрсетудің сауабы және қайырымдылық шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шарада сөз сөйлеген аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы мен «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Бақытханұлы  дін қызметкерлеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының негізгі бағыттарын түсіндіріп, көмекке мұқтаж отбасылармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары айтты. Сонымен қатар, қайырымдылық жасаудағы шынайылық, аманатқа адал болу және халық сенімін ақтау мәселелеріне ерекше тоқталды.

Жиын соңында имамдар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта қайырымдылық шараларын жандандыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: