ЖАМБЫЛ: ҚЫЗЫЛҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ БЕЙІТТЕРІНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖАМБЫЛ: ҚЫЗЫЛҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ БЕЙІТТЕРІНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ауыл тұрғындары мен ерікті жастардың қатысуымен ауыл бейіттерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі шара барысында қорым аумағы қоқыстан тазартылып, ескі қоршаулар сырланып, айналасы ретке келтірілді. Ауыл азаматтары бұл жұмыстың өткенге құрмет пен кейінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.

Сонымен қатар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына арнап қасиетті Құран бағышталып, арнайы дұға жасалды. Жиналған көпшілік ел тыныштығы мен ұрпақ амандығын тілеп, майданда ерлікпен қаза тапқан батырлардың есімін құрметпен еске алды. Шара барысында жастарға отансүйгіштік, елге қызмет ету және тарихи жадыны сақтау жайында тағылымды насихат айтылды. Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосатыны ерекше атап өтілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: