Қызылдихан ауылындағы "Махат ата" мешітінің молдасы Ескендір Чалиев 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай майданда қаза тапқан боздақтардың рухына арнап Құран бағыштады. Іс-шара барысында соғыс жылдарында ел мен жерді қорғау жолында жанын қиған азаматтардың ерлігі мен батырлығы жайында тағылымды уағыз айтылып, олардың рухына арнайы дұға жасалды.
Жиналған ауыл тұрғындары майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ел тыныштығы мен ұрпақ амандығын тіледі. Сонымен қатар жастарға отансүйгіштік, үлкенге құрмет және тарихи жадыны сақтау жөнінде насихат айтылды. Шара соңында қатысушылар бейбіт өмірдің қадірін бағалап, ел бірлігі мен татулығын сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екені ерекше атап өтілді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

