Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйінде «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында уағыз-насихат шарасы ұйымдастырылды.
Кездесуге ауыл тұрғындары қатысып, рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбие төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіді. Насихат барысында «Бірлікүстем» мешітінің имамы Жетпісбай Алимбеков Құрбан айт мерекесінің маңызына тоқталып, оның адам бойындағы мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық секілді асыл қасиеттерді арттыратынын айтты.
Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүріндегі діни танымдар мен ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастығы түсіндірілді. Жастар тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ынтымақ пен бірлік секілді қасиеттердің қоғамдағы маңызы сөз болды.
Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, рухани бағыттағы пайдалы мәліметтермен бөлісті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

