Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жоспар аясында Мойынқұм мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында насихат жұмыстары жүргізілді.
Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатпен кездесуде қазақ халқының ұлттық киімдерінің тәрбиелік әрі рухани маңызына тоқталды. Сонымен қатар, Құрбан айт күндері ұлттық киім кию – ата-баба дәстүріне құрмет көрсетіп, ұлт мәдениетін ұлықтаудың бір көрінісі екені айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

