Тамды ауылында “Дәстүрлі рухани құндылықтар – діни тұрақтылық негізі” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара ауылдық кітапхана қабырғасында өтіп, оған кітапхана қызметкерлері мен ауыл имамы Нұрбол Мырзаханұлы қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы рухани құндылықтардың рөлі, ұлттық дәстүр мен діни тұрақтылықтың өзара байланысы және жастар тәрбиесіндегі маңызы кеңінен талқыланды.
Нұрбол Мырзаханұлы өз сөзінде дәстүрлі құндылықтарды сақтау ел бірлігі мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтіп, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, рухани тәрбие мен ұлттық тәрбиенің қатар жүруі қоғамның дамуына оң әсер ететіні айтылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарын қойды. Шара мазмұнды әрі тағылымды өтіп, ортақ пікір алмасуға мүмкіндік берді.
"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

