Аудандық Қаратау қажы би мешітінде намаздан кейін жамағат болып, Алла Тағаладан шын ықыласпен жаңбыр тілеу дұғасы жасалды.
Жиналған жамағат елдегі мал шаруашылығына береке кіріп, жайылымға шөптің бітік шығуын және жерге жауынның мол болуын сұрап, бірлесе дұға қылды. Имам тарапынан жаңбыр тілеу дұғасының исламдағы орны түсіндіріліп, мұндай сәттерде мұсылманның Аллаға жалбарынуы, сабыр мен үмітте болуы керектігі айтылды.
Жамағат бірлікпен қол жайып, ел амандығы мен жердің құнарлылығы үшін шын жүректен тілек тіледі. Іс-шара рухани тұрғыда әсерлі өтіп, қатысушыларға үлкен тағылым берді.
Аудандық "Қаратау қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

