Бостандық ауылында ұлттық дәстүріміздің бірі – тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Ауылымыздың ақсақалы Дүйсенғали қарияның немересі Мирасқа арналған бұл қуанышты шара ел ішінде үлкен ізгілік пен берекелі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараға ауыл имамы Зулфухар Сержантұлы арнайы шақырылып, жиналған қауымға тұсаукесер дәстүрінің мән-мағынасы жөнінде насихат айтты. Ол бұл рәсімнің бала болашағына тілек білдіретін, оның өмір жолы түзу, адал әрі берекелі болсын деген ізгі ниеттен туындайтынын атап өтті.
Көп ұзамай дәстүр бойынша Мирас баланың тұсауы кесіліп, үлкендердің ақ батасы берілді. Ақсақалдар жас сәбиге ақ тілектерін арнап, елге сыйлы, өнегелі азамат болып өсуіне тілек білдірді. Шара соңында ауыл тұрғындары ұлттық салт-дәстүріміздің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екенін айтып, осындай игі дәстүрлердің жалғаса беруіне тілектестік білдірді.
"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

