Бостандық ауылы "Төртбай ата" мешітінің имамы Сержантұлы Зулфухардың ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында ұлттық ойын – асық ату жарысы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды салт-дәстүрге баулу және жамағат арасында ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту болды.
Жарысқа ауыл тұрғындары, жасы үлкен қариялардан бастап жастарға дейін белсене қатысып, сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар асық ату өнерін көрсетіп, ептілік пен дәлдікті сынға салды. Әрбір кезеңде қызу бәсеке орын алып, көрермендер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы қаржылай сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, 1-орын иегеріне – 30 000 теңге, 2-орынға – 20 000 теңге, ал 3-орынға – 10 000 теңге ақшалай сыйлық беріліп, марапаттау қағаздары табыс етілді.
"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

