Талас: Зиярат аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Талас: Зиярат аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен және ұйымдастыруымен қаламыздағы зиярат аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл игі шараның басты мақсаты – қасиетті орынның тазалығын сақтау, келушілерге қолайлы жағдай жасау және рухани ортаны көркейту болды.

Аталған жұмысқа мешіт жамағаты мен ерікті азаматтар белсене қатысып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Тазалық барысында аумақта өскен қамыс-шөптер мен арам шөптер толықтай жұлынып, арнайы құралдармен жиналды. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы жиналып қалған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар КамАЗ көліктеріне тиеліп, белгіленген орынға толықтай шығарылды.

Жұмыс барысында аумақ бірнеше бөлікке бөлініп, әр топ өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарды. Қамыс басып кеткен жерлер тазартылып, зияраттың айналасы ретке келтіріліп, жалпы көрінісі жақсара түсті. Тазалық жұмыстары нәтижесінде зиярат аумағы бұрынғыдан да жинақы, таза әрі көрікті күйге енді. Шара соңында барлық қатысушыларға арналып ас беріліп, арнайы пісірілген күріш таратылды.

Бас имам Жалғасбай Дүйсенбайұлы өз сөзінде бұл істің үлкен сауапты амал екенін атап өтіп, атсалысқан барша жамағат пен азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

Аудандық "Қаратау қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: