Талас: Аққұм ауылында мешітіміздің алды жарықтандырылды

Талас: Аққұм ауылында мешітіміздің алды жарықтандырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аққұм ауылында Тұңғатар ата мешітінің имамы Абатов Дәуреннің ұйымдастыруымен және ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен мешіт алдына жарық шамдары орнатылды.

Аталған игі іске ауыл жастары да белсене қатысып, бірлік пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Жұмыстар нәтижесінде мешіт аумағы абаттандырылып, келушілер үшін қолайлы жағдай жасалды.

Кешкіғұрым уақытта жаңа шамдар қосылып, мешіт маңы жарқырай түсті. Бұл бастама ауылдың көркіне де өз үлесін қосып, рухани ортаның ажарын аша түсті.

"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: