"Әбілхан қажы" мешітінің имамы Хеурзаның ұйымдастыруымен мешіт жанында салынып жатқан асхана аумағында көктемгі тазалық жұмыстары өтті.
Ауыл адамдары бірігіп, асхананың ішін және сыртын ретке келтіріп, сырлау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аула аумағы тазартылып, жалпы көріктендіру жұмыстары атқарылды.
Ауыл тұрғындары мешіттің тазалығы мен көркеюіне шын ықыласпен атсалысып, өздерінің ізгі ниеттерін іс жүзінде көрсетті. Хеурза имам мешіт алдына щебенка төсеп, келушілерге қолайлы жағдай жасауға да үлес қосты. Іс-шара бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі ретінде өтті.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

