Аудандық Қаратау қажы би мешітінде “Уақыптың рухани әсері” атты тақырыпта жамағатқа арналған уағыз-насихат өткізілді. Шара барысында Асқарбек Серікұлы уақыптың исламдағы маңызы мен оның қоғамға тигізетін рухани және әлеуметтік әсері жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.
Ол уақыптың игі амал екенін, оның арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, қоғамда береке мен бірлік арта түсетінін атап өтті. Келелі жиынға жиналған жамағат рухани тағылымға толы уағызды ықыласпен тыңдап, өздеріне пайдалы насихат алды. Шара жоғары деңгейде, берекелі түрде өтті.
Аудандық "Қаратау қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

