Сәду Шәкіров ауылындағы ауылдық мәдениет үйінде “Заң мен тәртіп және жастарымыз – ел болашағы” тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Байтоқты баба мешітінің имамы Бақдәулет және Талас аудандық полиция басқармасының басшылығы қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына құқықтық тәртіпті түсіндіру, жастардың тәрбиесі мен қоғамдағы жауапкершілігін арттыру болды.
Жиын барысында құқық қорғау саласының өкілдері заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар имам Бақдәулет жастарды имандылыққа, тәртіпке және елге адал қызмет етуге үндеді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай шаралар қоғамдағы түсіністікті арттырып, жастардың дұрыс бағытта дамуына ықпал ететіні айтылды.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

