Талас: Асыл дініміз бен ата дәстүріміздің сабақтастығы

Талас: Асыл дініміз бен ата дәстүріміздің сабақтастығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәду Шәкіров ауылындағы "Байтоқты баба" мешітінде жамағатпен рухани кездесу өтті. Мешіт имамы Оспанов Бақдәулет жиналған қауымға ата салт-дәстүрі мен асыл дініміздің сабақтастығы туралы кең көлемде уағыз айтты.

Насихат барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен ислам дінінің үндестігі кеңінен түсіндіріліп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, әдеп пен имандылықтың маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлердің дінімізбен үйлесетін тұстары айтылып, жастарды ұлттық әрі рухани құндылықтарды құрметтеуге шақырды. Жамағат уағыздан рухани әсер алып, имамға алғыстарын білдірді.

"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: