Қасқабұлақ ауылындағы "Әбілхан қажы" мешітінде жамағатпен кездесу өтті. Мешіт имамы Асанов Хеурза жиналған қауымға дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғам мен отбасы бірлігіне тигізер зардаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Хеурза имам ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, күмәнді діни ақпараттарға сенбеуге шақырды. Сонымен қатар, діни мәселелерде сенімді мамандардың кеңесіне жүгіну қажеттігін атап өтті.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кездесу тағылымды насихатпен қорытындыланды.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

