Аққұм ауылы "Тұңғатар ата" мешітінде жамағатпен кездесу өтті. Мешіт имамы Абатов Дәурен жиналған қауымға діни жат ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш бас қосуда Дәурен имам дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтардың дінмен сабақтастығын атап өтті.
Сонымен қатар, күмәнді діни ақпараттарға ермеу, діни мәселелерде сенімді мамандардан кеңес алу қажеттігін жеткізді. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тағылымды кездесу рухани бағытта жалғасын тапты.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

