Аққұм ауылындағы Тұңғатар ата мешітінде жамағатқа рухани насихат айтылды. Мешіт имамы Абатов Дәурен дұға етудің маңыздылығы мен әдебі туралы кеңінен түсіндірді.
Насихат барысында дұғаның мұсылман өміріндегі орны, Алладан шынайы ниетпен тілек тілеудің мәні айтылып, дұға жасау кезіндегі әдептерге тоқталды. Сонымен қатар, имам дұғаның адам жүрегіне тыныштық сыйлап, сабыр мен ізгілікке бастайтынын жеткізді. Жамағат тағылымды уағыз тыңдап, рухани әсер алды.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

