Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде құрбандық еттері таратылды

Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде құрбандық еттері таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж отбасыларға құрбандық еттері үлестірілді.

Игі шараның басты мақсаты — Құрбан айттың рухани мәнін насихаттап, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттыру болды. Мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағаттың атсалысуымен дайындалған еттер арнайы тізім бойынша отбасыларға жеткізіліп берілді.

Көмек алған тұрғындар ұйымдастырушылар мен құрбандық шалған азаматтарға шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Сонымен қатар мешіт ұжымы қайырымдылық жасау — мұсылмандықтың көркем сипаты екенін айтып, жамағатты бірлік пен ізгі амалдарға үндеді. Алла Тағала құрбандық шалған барша мұсылманның ниеттерін қабыл етіп, сауаптарын еселеп жазғай! Елімізге тыныштық, халқымызға амандық пен береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: