Қордай: «Құдайберген» мешітінде «Құрбан айт» намазы оқылып, кең көлемде мереке тойланды

Қордай: «Құдайберген» мешітінде «Құрбан айт» намазы оқылып, кең көлемде мереке тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Мешіт имамы Саламат Сәлімұлының ұйымдастыруымен айт намазы оқылып, жамағатқа мерекенің рухани маңызы насихат етілді. Айт мерекесіне орай мешіт ауласына арнайы киіз үй тігіліп, жамағатқа айттық дастархан жайылды.

Ауыл тұрғындары бір-бірімен айттасып, ақжарма тілектерін айтып, мерекелік көңіл-күймен бас қосты. Сонымен қатар ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, асық ату, гір көтеру және қол күрес сайыстары өткізіліп, қатысушылар өз бақтарын сынады. Жарыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталып, жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Шара барысында ауыл ақсақалдары баталарын беріп, ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін дұға жасалды.

Мұндай игі шаралар халықтың ауызбіршілігін нығайтып, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиені насихаттауға үлкен үлес қосары сөзсіз. Алла Тағала барша мұсылман қауымының құрбандықтары мен дұға-тілектерін қабыл етіп, елімізге амандық, жұртымызға береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: