Қордай ауданы, Арал ауылындағы «Арал» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға құрбандық еттері үлестірілді. Игі шара мешіт имамы Аманкелді Нұрбердінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға арнайы дайындалған еттер таратылып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Мешіт ұжымы Құрбан айттың басты мақсаты — мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамдағы мейірім мен бауырмалдықты арттыру екенін атап өтті. Қайырымдылық көмегін алған тұрғындар ұйымдастырушылар мен құрбандық шалған азаматтарға алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Сонымен қатар жамағат арасында бірлік пен татулықты насихаттайтын насихат сөздер айтылып, ел амандығы үшін дұға жасалды. Алла Тағала барша құрбандық шалған азаматтардың ниеттерін қабыл етіп, жасаған сауапты істерін еселеп қайырлы етсін! Елімізге тыныштық, халқымызға береке мен бірлік нәсіп болғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

