Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Ал Хафиз» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж төрт отбасыға көмек көрсетілді.
Игі шара мешіт имамы Таукеев Талғаттың ұйымдастыруымен, жомарт кәсіпкер азаматтың демеушілігі арқылы жүзеге асты. Қайырымдылық барысында отбасыларға азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар үлестіріліп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Мешіт ұжымы мұндай игі амалдар қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету — мұсылмандықтың асыл құндылықтарының бірі екенін атап өтті.
Көмек алған отбасылар ұйымдастырушылар мен демеуші азаматқа шынайы алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Алла Тағала қайырымдылық жасаған азаматтардың ризық-несібесін арттырып, жасаған сауапты істерін еселеп қабыл етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

