Қордай: "Әлжан ана" ауылында Құрбан айтқа дайындық жасалды

Қордай: "Әлжан ана" ауылында Құрбан айтқа дайындық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінде мешіт имамы Саламат Сәлімұлының ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында мешіт ауласы тазартылып, айнала ретке келтірілді. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрімізді дәріптеу мақсатында қазақ үй тігіліп, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға мән берілді. Ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты бірлесе еңбек етіп, айт мерекесін жоғары деңгейде өткізуге атсалысты.

Ұйымдастырылған жұмыстар — бірлік пен ынтымақтың, тазалық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі болды. Жамағат қасиетті мерекені лайықты қарсы алуға дайындық жасап, игі іске үлес қосты. Алла тағала баршаңыздың еңбектеріңізге береке беріп, Құрбан айт мерекесінің қуанышы мен берекесін нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: